Деректерді жүктеу...
САТУШЫЛАР және ОЛАРДЫҢ МҮЛІКТЕРІН АҚШАҒА АЙНАЛДЫРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕРЕКҚОРЫ
Анықтама
Деректерді жүктеу...

2014 жылдың 23 мамырындағы

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның

директорлар Кеңесі шешімімен бекітілген

(№66 Хаттамасы)

 

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесі /регламент/

 (2015 жылдың 5 тамызындағы өзгерістерге дейінгі басылым)

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізудің осы Реттемесі/регламент (бұдан әрі -  Реттеме) Қазақстан Республикасы заңдылықтарына, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлык қоғамы Жарғысына сәйкес әзірленген және конкурс, коммерциялық тендер, аукцион пішініндегі электрондық сауда-саттықтарда заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін сату тәртіптерін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Реттемеде Қазақстан Республикасының заңдылығында қолданылатын келесі негізгі ұғымдар қолданылады, сондай ақ, осы Реттемеде келесі анықтамалар, қысқартулар көрсетіледі:

1) электрондық аукцион (бұдан әрі-аукцион) – тізілімінің веб-порталында өткізілетін қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны;

2) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

3) аукцион нөмірі – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;

4) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукционды өткізу әдiсi;

5) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі-тізілімнің веб-порталы) – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – Тізілім) жекешелендіру объектілерін сатушыларының электрондық дерекқорына және олардың мемлекет меншігіндегі объектілерінің, квазимемлекеттік сектор  және мемлекеттік емес мүліктерді ақшаға айналдыру жөніндегі бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 1 тармақтың 6) тармақшасы жаңа басылымда мазмұндалды.

6) кепілдік жарна – жеке немесе заңды тұлғаның сауда-саттықтарға қатысу үшін салатын 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен көп емес сатылу объектісінің бастапқы бағасынан 15% мөлшеріндегі қаражат сомасы;

7) сауда-саттықтың голланд әдісі – откізілетін аукционда бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадамымен төмендетілетін әдісі;

8) Электрондық конкурс (бұдан әрі - конкурс) –  ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық басқарушы холдингтер тарапынан қадағаланатын басқа да  заңды тұлғалардың тізілім веб-порталында сатылу мүліктері бойынша конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушыларға сауда-саттықтардың ағылшын әдісі бойынша жүргізілетін аукционында өздерінің бағалар ұсыныстарын ұлғайтуларына мүмкіншілік берілетін сауда-саттықтар;

9) конкурстық өтінім – конкурс қатысушыларының аукционға қатысуға рұқсат беру жөніндегі комиссия шешімін қабылдау үшін сауда объектісін сатып алу шарттарының жиынтық сипаттамасын қамтитын сатушының сауда-саттықтар туралы хабарламасына және басқа да құжаттарына сәйкес әзірленген конкурсқа қатысу үшін өтінімінің құрамында берілетін ұсынысы.

10) алғашқы баға- тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып,сатушы белгілейтін баға;

11) сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін тұлға) – тізілім веб-порталында сауда-саттықтар өткізілуі жөніндегі ұйымдастырушымен жасақталған келісім-шартында белгіленген тәртіпте тіркелген жеке немесе заңды тұлға (сауда объектісі меншік иесі және/немесе оның уәкілетті тұлғасы);

12) сауда объектісі- Сатушымен сауда-саттықтарға ұсынылған мүлік;

13) ұйымдастырушы -  тізілім веб-порталында сауда-саттықтарды өткізу бойынша электрондық қызмет көрсету туралы сатушымен келісім-шарт жасаған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы

14) жеңімпаз – сауда-саттықтар қорытындысы туралы электрондық хаттамаға қол қойған, сауда объектісіне ең жоғар баға берген аукционға қатысушысы; сауда-саттықтар қорытындысы туралы электрондық хаттамаға қол қойған және тендерлік шарттармен келіскен тендерге қатысушы; сауда-саттықтардың қорытындысы туралы конкурс талапартына сәйкес

15) сатып алушы – келісім-шартқа қол қойған сауда-саттықтар жеңімпазы;

16) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзы (бұдан әрі - ЭҮТШ) – екінші денгейдегі банктердің, банктік операцияларының бөлек турлерімен айналысатын ұйымдардың және «электрондық үкіметтінің» заңды және жеке тұлғалардың төлемдерін жүргізген кезіндегі ақпараттық жүйелердің қатынастарын қамтитын автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

17) бастапқы баға – Сатушы жариялаған, сауда объектісінің бағасы;

18) ағымдағы баға – аукционның жүргізілуі кезінде қалыптастырылатын сауда объектісінің бағасы;

19) Сауда-саттықтар – мүлікті сатудың түрі;

20) тендер – акционерлік қоғамдар акцияларының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы үлестерін, тарихи-мәдени мұралар объектілерін, ұйымның мүліктік кешені сияқты стратегиялық объектілерінің сатылуы,  бойынша қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жабық хатқалтада /конверт/ өтінім арқылы білдіретін сауда саттықтар нысаны;

21) коммерциялық тендер - сатылу объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен қатысушылар арасындағы сауда-саттық;

22) қатысушы –  сауда-саттықтарға қатысу үшін осы Реттемеде белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

23) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген жекешелендіру объектісінің түпкілікті бағасы;

24) электрондық аукцион залы (бұдан әрі –аукцион залы) -  аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

25) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2. Қазақстан Республикасы заңдылықтарында белгіленген тәртіпте сатушы тарапынан меншік құқығы тіркелмеген немесе мүлік ауыртпалығы салынған болса мүліктің саудасына жол берілмейді.

3. Сатушы  сауда-саттықтарда сатылатын мүлікті қорғауды және бақылауды қамтамасыз етеді және мүлік бойынша көрсетілген мәліметтердің дұрыс болуына оның сақталуына және сатылу объектісі сатып алушының меншік құқығына өткенге дейін жауапты болады;

2. Сатушы

4. сатушының атқаратын қызметі болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдылығына сәйкес сауда-саттықтарда сатылатын мүліктің бағалануын ұйымдастару;

2) ұйымдастырушымен тізілім веб-порталы пайдаланушыларына электрондық қызмет көрсетуге келісім шарт жасау;

3) сауда-саттықтарды жүргізуге дайындық жасау және аукционды өткізу жүрісіне қадағалау жасау;

4) ықтимал қатысушыға сауда-саттықтарда ақшаға айналдыратын мүліктерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

5) сауда-саттықтарға шығарылатын мүлік туралы мәліметтердің анықтығын қамтамасыз ету;

6) сауда-саттықтар жеңімпазымен келісім-шартқа отыры және оның орындалуын қадағалау;

7) сауда-саттықтарды жүргізу рәсімдері және олардың нәтижелеріне байланысты ұйымдастырушы және сатып алушылар арасындағы төлемдерді жүргізу;

8) тендер (конкурс) шарттары бойынша шешімдерді қабылдау және оған қатысушыларға және/немесе мүлікті сатып алушыларға талаптарды белгілеу;

9) сауда-саттықтар өткізілуіне дейін 5 күнтізбелік кіннен кешіктірмей сауда объектісінің сауда-саттықтардан алып тастау туралы шешімді қабылдау;

10) мүліктің саудасын жүргізу үшін қажетті басқа іс-шараларды жүргізу.

5. Сатушы құқылы емес:

1)  Сауда-саттықтарға шығарылғандардың ішінен қайсыбір нақты сауда объектісін алғысы келетіндігі туралы қатысушыдан ақпарат ұсынуын талап етуге;

2) Қазақстан Республикасы заңдылықтарында қарастырылғаннан бөлек жағдайларда, сауда-саттықтардың өткізілуіне дайындық жүргізу және олардың өткізілу мерзіміне сауда-саттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпараттарды жариялауға;

6. (конкурсты) тендерды ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы (заңды тұлға) тарапынан мүшелер саны 5 адамнан кеме емес тендерлік (конкурстық) комиссия (бұдан әрі - комиссия) құралуы мүмкін. Комиссия төрағасы болып сатушының өкілі болып саналады.

(Конкурске)  тендерге қатысуға жіберу үшін комиссия мүшелерінің жалпы санының дауысының қарапайым көпшілігіне сәйкес комиссияның  шешіміне байланысты қабылданады.  Дауыстар тепе-тендікте болған жағдайда, төраға дауысы шешуші болады.

7. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) Өздігінен өз жұмысының реттемесін қалыптастырады;

2) (конкурсқа) тендерге қатысуға рұқсат беру үшін қатысушылардың құжаттарын қарастырады.

3. Сауда-саттықтарды ұйымдастырушы

8. Ұйымдастырушы  функциялары болып табылады:

1) сауда-саттықтарға қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдау және қайтару, сауда-саттықтарда жеңімпаз болып табылған қатысушының сатушыға кепілдік жарнасын аудару;

2) Сатушылардың дерекқорларға қолжетілімділікерін қамтамасыз ету;

3) тізілім веб-порталында (пайдаланушыларға) сатушыларға кеңестік көмек беру, оның ішінде, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында орналасқан аумақтық бөлімшелері арқылы;

4) дерекқорларды толтыруға байланысты, басқа да функциялар.

9. Ұйымдастырушы тізілім веб порталы әрекеттерін реттестіретін ақпараттарға және сатушымен сауда-саттықтарға шығарылған мүлік туралы ақпаратқа кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

10. Ұйымдастырушы сауда-саттықтарға қатысу үшін  берілген электрондық өтінімдердің (бұдан әрі – электрондық өтінім) сақталуына және оларға қосымша ретінде берілген электрондық құжаттарының құпиялылығына жауапты болады.

11. Ұйымдастырушы құқылы емес:

1) Қазақстан Республикасы заңдылықтарында қарастырылғаннан бөлек жағдайларда, сауда-саттықтардың өткізілуіне дайындық жүргізу және олардың өткізілу мерзіміне сауда-саттықтарға қатысушыларға қатысы бар ақпараттарды жариялауға;

2) сауда-саттықтарда қатысушы ретінде тіркеу үшін осы Реттеменің 23 тармағының бірінші абзацында көрсетілгендерден бөлек қосымша құжаттарды ұсынуларын талап етуге.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 мамырындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№74 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 12 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

12. аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болып табылатын техникалық ақау орын алған жағдайда, қатысушы осы жағдай бойынша тез арада телефон немесе электрондық хабарлама арқылы ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабардар етеді.

Ұйымдастырушы орын алған техникалық ақау фактісін тіркеуге алады және веб-портал тізілімі тарапынан техникалық ақау болған жағдайда барлық аукционға қатысушыларды тізілім веб-порталында тиісті ақпараттың орналастырылуы арқылы хабардар етеді.

Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығының техникалық ақауы болған жадайда аукцион жалғастырыла береді.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 13 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

13. Тізілім веб-порталында аукционды өткізуге кері әсерін тигізетін техникалық кемшілік болған жағдайда, ұйымдастырушы бұл жөнінде сатушыны хабардар етіп және ұйымдастырушымен техникалық кемшілікті түзеткен күннен бастап үш күн ішінде қатысушының тізілім веб-порталында көрсетілген электрондық мекен-жайына және тізілім веб-порталында осы аукционның жалғастырудың откізілу күні мен уақыты жөніндегі ақпаратты орналастырып аукционға қатысушыларды алдын-ала міндетті ескерту арқылы аукционды жалғастыруды ұйымдастырады.

4. Сауда-саттықтарды өткізуге дайындық.

14. Сатушының ішкі рәсімдеріне және осы Реттемеге сәйкес сауда-саттықтарды өткізуге дайындық келесі тәртіпте жүргізіледі:

 1) қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi;

2) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады;

3) әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады; 

4) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;

5) Сауда саттықтарды өткізу туралы хабарлама жарияаланады;

6) кепілдік жарналар қабылданады;

7) қатысушыларды тіркеу жүргізіледі;

8) сатып алу - сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады;

15. Сауда-саттықтарды – өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейін сатушы тізілімнің веб-портал дерекқорына әрбір лот бойынша келесі ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді:

1) 1 қосымшаға сәйкес сату объектісі туралы ақпарат;

2) сату объектісінің орналасқан жері;

3) сату объектісінің (баланс ұстаушысы) меншік иесі туралы мәліметтер (пошталық мекен жайы, телефон, факс, е-mail);

4) сату объектісінің бағалануы туралы мәліметтері (бағалау күні, бағалау құны, бағалаушының атауы);

5) ауыртпалықтардың (тыйым салудың) жоқтығы туралы мәліметтер;

6) Сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

Сатушы енгізілген мәліметтерге қосымша келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін  деректер қорына енгізуді қамтамасыз етеді:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы №124 «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы»  Қаулысы бойынша  бағалау  стандарттарына сәйкес жасалынған сату объектісін бағалау туралы есеп;

2) Сату объектісі бойынша құқығын растайтын құжаттар;

3)         Сату объектісінің 5-тен кем емес фотосуреті (жылжымайтын мүлік, көлік, жабдықтар және басқа да материалдық мүлік үшін).

 

16. Ұйымдастырушы деректер қорына сатушы мәліметтерді енгізген мезеттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Регламентпен белгіленген талаптарға сәйкестігін және қателердің бар болуына тексеру жүргізуді жүзеге асырады.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгерітулеріне сәйкес 17 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

17. Тізілім веб-порталында сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламаны жариялау үшін, сатушы әрбір сатылу объектісі бойынша қазақ және орыс тілдерінде қосымша келесі мәліметтерді енгізеді:

1)   сауда-саттықтардың уақыты мен күні;

2)   сатылу объектісінің аталуы;

3)   сауда саттықтардың әдісі мен түрі;

4)   сатыл объектісінің бастапқы бағасы, ал сауда-саттықтарда голланд әдісі қолданылған аукционды өткізу кезінде сатылу объектісінің ең төменгі /минималды/ бағасы;

5)    (тиындарды көрсетусіз) кепілдік жарнаның көлемі;

6)   алынып тасталсын;

7)   алынып тасталсын;

8)   кепілді жарнану аудару үшін ұйымдастырушының банктік реквизиттері;

9) тендер (конкурс) шарттары, сондай-ақ, мүлікті сатып алушыға және/немесе тендерге (конкурсқа) қатысушыға қолйылатын қосымша талаптары;

10) өтінімдерді қабылдау мерзімдері;

11) ұйымдастырушының мекен жайы мен телефоны;

12) сатушының мекен жайы мен телефоны;

13) сатуышының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

18. Тізілім веб-порталында хабарлама жарияланғанға дейін  ұйымдастырушы  бір жұмыс күні ішінде осы Реттеменің 15 және 17 тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкестігін және оны қателердің бар болуына оны тексереді.

19. Деректер қорына енгізілген мәліметтерді тексеру нәтижесі бойынша ұйымдастырушы Тізілім веб-порталында  сауда-саттықтарды өткiзу туралы хабарламаны жариялайды немесе ұйымдастырушы анықтаған қателерді сатушы түзетпеген жағдайда оны жариялаудан сатушыға бас тартады.

 

20.  Сауда-саттықтар өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама Тізілім веб-порталында  сауда-саттықтар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын, ал ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акцияларды және үлестердi сату кезiнде - сауда-саттық өткiзiлетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жариялануы тиiс.

Егер сату объектісін сатып алу үшін тендерге (конкурсқа) қатысушыға заңнамаларға және басқа да міндеттемелерге сәйкес қажетті рұқсаттар мен келісулерді алу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда Реттеменің осы тармағымен белгіленген сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарламаларды жариялау мерзімдері Сатушымен ұзартылуы мүмкін.

Сауда-саттықтарды өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан соң ұйымдастырушы сату объектісі бойынша мәліметтерге барлық ниет білдірушілерге деректерді алуға еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сатушы барлық ниет білдірушілерге сату объектісін көруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 

5. Сауда-саттықтарда қатысу шарттары және қатысушыларды тіркеу.

21. Тізілім веб порталында сауда-саттықтарға қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарламаның жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және сауда-саттықтар басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

22. Сауда-саттықтарға қатысу үшін тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғаларға үшін:  бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) Кепілдік жарналарды қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін /реквизиттерін/;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, е-mail).

Тізілім веб-порталына енгізілген жоғарыдағы деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертеді.

23. Аукционға немесе тендерге (конкурсқа) қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған осы Қағиданың қосымшасына сәйкес үлгідегі өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендер (конкурс) қатысушылары келесі құжаттардың электрондық (сканирленген) көшірмелерін қоса тіркей отырып, тендер шарттарымен (конкурс шарттарымен) келісу туралы өтінімді тіркейді:

1)         деректер қорының арнайы белгіленген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелген тендерге (конкурсқа) қатысушының қолы қойылған бағалық ұсынысы; слово "веб-парақшасында" заменить словами "веб-бетінде"

2)         конкурстық өтінім (конкурсқа қатысушылар үшін);

3)         сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға және/немесе қатысушыларға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сай келуін растайтын құжаттар.

 Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен берілген құжаттар ұсынылған жағдайда, егер тарабы Қазақстан Республикасы болатын халықаралық шарттармен және келісімдермен және Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылмаған жағдайда,  мұндай құжаттар белгіленген тәртіпте ресмилендірілген немесе апостилденген болуы қажет.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 24 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

24. Қатысушы өтінім бергенге дейін сауда-саттықтың өткізілуі туралы хабарламасында көрсетілген ұйымдастырушының есеп шотына кепілдік жарнаны аударады.

25. Қатысушыларға бір сату объектісіне кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнасын енгізген  объектіні сатып алу құқығын береді.

26. Қатысушы сауда-саттыққа қатысу туралы өз өтінімін енгізген кепілдік жарнасын қайтарып алу құқығын сақтай отырып, сауда-саттыққа қатысуға өтінімді ұсынудың ақырғы мерзіміне дейін қайтарып ала алады.

27. Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдері мен оған қоса тіркелген электрондық (сканирленген) құжаттардың көшірмелері деректер қорында сақталады және сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні мен уақытына дейін жүктеуге және қарауға қолжетімсіз.

28.  Сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тіркеген соң Тізілім веб-порталында өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтің деректер қорында бар болуына автоматты тексеру жүргізіледі.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгерітулеріне сәйкес 29 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

29.  Дерекқорда ұйымдастырушының есебіне кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталы өтінімді қабылдайды және қатысушыға сауда-саттықтарға қолжетміділікті береді. Дерекқорда ұйымдастырушының есебіне кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінім орындаусыз кері қайтарады.

30. Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының осы Қағиданың 23 тармағының бірінші абзацында және 22-тармақта көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ кепілдік жарнаның ұйымдастырушының шотына түспеуі негіз болып табылады:

1) сауда-саттық басталғанға дейін 2 сағат қалғанға дейін - кепілдік жарнаны ЭҮТШ арқылы  төлеген жағдайда;

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгерітулеріне сәйкес 30 тармағының 2)тармақшасы жаңа басылымда мазмұндалды.

2) сауда-саттықтардың басталуына екі сағат қалғанда – кепілдік жарнаның қолма-қол ақшасыз төлеуінің басқа әдістерін қолданғанда.

31. Тізілім веб-порталы автоматтық тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

32. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталы тағайындаған аукциондық нөмір бойынша аукциондық залға қол жетімділік беріледі.

33. Сауда-саттыққа қатысуға осы Қағидамен анықталған тәртіпте тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар да жіберіледі.

34. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде қатыса алмайды:

1) сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушылар мен тендер (конкурс) қатысушыларына қойылатын қосымша талаптарға сай келмейтін заңды (жеке) тұлға;

2) ұйымдастырушы;

3) сатушы.

35. Ұйымдастырушы сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын  сауда-саттықтың жеңімпазы анықталғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде сатушының шотына аударады және сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

Осы тармақта қарастырылмаған басқа жағдайларда кепілдік жарналар Тізілім веб-порталымен қалыптасқан қатысушының ЭЦҚ қойылған кепілдік жарнаны қайтаруға өтінімі негізінде сауда-саттық өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде  ұйымдастырушымен қайтарылады.

36.  2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес алынып тасталды.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 37 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

37. Сауда-саттықтарда қатысуына өтінім бермеген тұлғалардың кепілдік жарналары осы тұлғаның ЭЦҚ пайдалану арқылы  тізілім вбе-порталында қалыптастырылатын кепілдік жарнаны қайтару өтініміне қол қойған күннен бастап ұйымдастырушымен үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Ұйымдастырушының есебіне кепілдік жарнаның түскен күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін сауда-саттықтарға қатысуға өтінім бермеген тұлғаға кепілдік жарнаның қатарылуы өтініміне қол қою мүмкіндігі беріледі.

6. Аукционды өткізу

38. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде сату объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең.

Сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны арттырылатын коэффициентке көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi сатушы белгiлейдi, бiрақ 5-тен кем болмауы тиiс. Аукцион өткізілетін кезде алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағаны сатушы белгілейді.

39. Сату объектiсi алғашында аукционға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондардағы сауда-саттықтың әдiсiн сатушы анықтайды.

Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып сату объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде объектінің бастапқы бағасы сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасын төмендету арқылы, бірақ 50 пайыздан асырылмай белгіленеді.

Сауда-саттықтың голланд әдісін қолдана отырып сату объектісін сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы ең төменгі баға бастапқы бағаның кемінде 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Голланд әдісі бойынша кейінгі әрбір аукцион кезінде ең төменгі баға сатушы ең төменгі баға бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдауға рұқсат ететін голланд әдісін қолдана отырып үшінші және кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, алдыңғы аукционның ең төменгі бағасын 50 пайызға төмендету арқылы белгіленеді.

40. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

41. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

      Егер сауда-саттықтың ағылшындық тәсілін қолдана отырып жүргізілген аукционның аяқталу сәтінде сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда сату объектісін сатып алуға ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      Егер сауда-саттықтың голландтық тәсілін қолдана отырып, жүргізілген  аукционның аяқталу сәтінде сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы сату объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

42. Егер аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жалғыз қатысушыға сату объектісін сатуға жол берілетін голландтық әдіс бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

Сілтеме. 2014 жылдың 7 қарашасындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№69 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгерітулеріне сәйкес 43 тармағының 4), 5), 6) тармақшалары жаңа басылымда мазмұндалды.

43. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

      1)сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеннен бастап 50 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000еселенгеннен бастап 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      4) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы ағылшын әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 2,5 пайыз мөлшерінде және голланд әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

     5) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы ағылшын әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 1 пайыз мөлшерінде және голланд әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      6) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгеннен бастап және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы ағылшын әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 0,5 пайыз мөлшерінде және голланд әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi.

     Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.

44. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион:

      1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 43 -тармағына сәйкес белгіленген қадамға сату объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

      2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 43-тармағына сәйкес белгіленген қадамға сату объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен сату объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сату объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, сату объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Сату объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Сату объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана сату объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады

Сілтеме. 2014 жылдың 7 қарашасындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№69 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 45 тармағының 1), 2) тармақшалары жаңа басылымда мазмұндалды.

45. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион:

 1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, сату объектісінің бастапқы бағасы осы Реттеменің 43-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сату объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, сату объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша сату объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

      3) егер сату объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі сату объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

46. Осы Қағиданың 41-тармағының үшінші бөлігінде, 42-тармағында, 44-тармағының 1) тармақшасында және 45-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, сатушы Тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың күні мен уақытынан кейін жиырма төрт сағат ішінде қол қояды.

 

7. Коммерциялық тендер және конкурс

 

47.  Объектiнi бiрiншi тендерге (конкурс) қойған кезде сату объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады.

Тендерде (конкурста) сату объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан 20 пайыздан аспай төмендетіледі.

48. Тендердiң (конкурстың) шарттары мынадай:

1) сату объектiсiне тартылатын инвестициялардың көлемi, түрi және мерзiмi бойынша мiндеттемелер;

2) өндiрiс көлемiнiң, шығарылатын өнiмдер номенклатураларының немесе көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету;

3) баға белгілеу шарттары, оның iшiнде бағаның шектi деңгейi бойынша шектеу;

4) табиғатты қорғау іс-шараларын жүргiзу;

5) қызмет бейінінің сақталуы;

6) жұмыс орындарын сақтау немесе құру;

7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қолданыстағы тәртiбi мен пайдалану шарттарын сақтау;

8) кредиторлық берешектердi белгiленген мерзiмiнде өтеу;

9) жалақы төлемдерi бойынша берешектердi өтеу;

10) мәмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмдi басқаруға беру және т.б.) және/немесе сату объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салу;

11) комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар болуы мүмкін.

Тізілім веб-порталында сатушының тендер шарттары кестесін толтыра отырып жаряияланатын тендер шарттары сандық өлшемді және салыстырмалы болуы керек.

49. Сатушы комиссияның шешімі негізінде тендер шарттарын, жекешелендiру объектiсiнің бастапқы бағасын, кепілдік жарнаның мөлшерін айқындайды.  Комиссия болмаған жағдайда сатушы осы Қағидамен көзделген комиссияның өкілеттігін және функцияларын жүзеге асырады.

Сатушыға тізілім веб-порталында тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін тендер (конкурс) шарттарын өзгертуге жол берілмейді.

50. Егер тізілім веб-порталында қабылданған тендерге (конкурсқа) қатысушылар өтінімі саны немесе комиссиямен аукционға рұқсат етілген конкурсқа қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда сату объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады.

Егер тендер (конкурс) өткізілмеген болып танылса, тендерге (конкурсқа) қатысуға өтінімді ашу жүргізілмейді және сатушы Тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын тендердің (конкурстың) өткізілмегені туралы актіге ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың күні мен уақытынан кейін жиырма төрт сағат ішінде қол қояды.

51. Тендерге (конкурсқа) қатысуға өтінімді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың күні мен уақыты басталған кезде тізілім веб-порталында автоматты түрде жүзеге асырылады.

 

8. Конкурсты өткізу

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 52 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

52. Аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері тізілім веб-порталында комиссия мүшелерімен қаралады.

53. Комиссия конкурсқа қатысу өтінімдерін ашқан күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде ұсынылған өтінімдерді (конкурстық өтінім мен бағалық ұсыныстардан басқа) қарастырады және конкурсқа қатысушының өтінімінде осы Қағиданың және сауда-саттық туралы хабарламаның талаптарына сәйкессіздектерді (бар болған жағдайда) қатысушының электрондық мекенжайына хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

54. Конкурсқа қатысу өтінімдерін ашқан күннен бастап 4 күнтізбелік күн ішінде комиссия хатшысы тізілім веб-порталында түрлендірілген өтінімдерді ашу хаттамасы негізінде хабарлама жасалады.

Өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия мүшелері ЭЦҚ колданып, өтінімдерді ашқан күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде қол қойылады.

Өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия мүшесінің қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, комиссия хатшысымен  қол қойылмау себебі ақпараты аталмыш хаттамада көрсетіледі.

55. Өтінімдерді ашу хаттамасында анықталады:

1) өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия қол қойылған күннен бастап 7 күнтізбелік күннен бұрын емес тағайындалған конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қайтадан ашу күні мен уақыты;

2) конкурс шарттарын қанағаттындыратын қатысушылар тізімі;

3) өтінімдерді қайтадан ашу күніне дейін анықталған сәйкессіздіктерді жоя отырып, тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған қосымша өтінім (конкурстық өтінім мен бағалық ұсыныстан басқа) беретін, себептерін көрсете отырып, конкурс шарттарын қанағаттындырмайтын қатысушылар тізімі;

56. Өтінімдерді ашқан күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (комиссия қол қойған өтінімдерді ашу хаттамасына сәйкес конкурсқа қатысушылардың өтінімдеріне ескертпелер болмаған жағдайда) немесе өтінімдерді қайта ашқан күннен бастап комиссия конкурстық өтініммен қоса, конкурсқа қатысу өтінімдерін қарастырады және тізілім веб-порталында комиссия хатшысымен жасалған конкурсқа рұқсат ету хаттамасына қол қояды.

Конкурсқа рұқсат ету хаттамасына комиссия мүшесінің қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, комиссия хатшысымен  қол қойылмау себебі ақпараты аталмыш хаттамада көрсетіледі.

57. Конкурсқа қатысушыларға рұқсат ету туралы комиссия шешімі тізілім веб-порталында автоматты түрде конкурсқа рұқсат ету туралы хаттамаға барлық комиссия мүшелерінің ЭЦҚ қойылған уақыттан бастап жарияланады және конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың электрондық мекенжайына автоматты түрде хабарланады.

58. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы келесі ақпаратты қамтиды:

1) себептерін көрсете отырып, аукционға қатысуға рұқсат берілмеген қатысушылардың тізімі;

2) аукционның өтетін күні мен уақытын көрсете отырып, аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушылардың тізімі;

Аукционды өткізу күні мен уақыты аукционға екеуден кем емес конкурсқа қатысушыларға рұқсат беру туралы комиссия шешімі тізілім веб-порталында жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне тізілім веб-порталында автоматты түрде белгіленеді.

59. Аукционға рұқсат етілге конкурсқа қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен тізілім веб-порталы меншіктеген аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толлықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 60 тармағының 2), 4) тармақшалары жаңа басылымда мазмұндалды.

 60. Аукцион тізілім веб-порталы белгілегн уақытта басталады және келесі түрде өткізіледі:

1) аукцион басталу сәтінде аукциондық залда сатушының комиссиясы тағайындаған бастапқы бағадан кем емес конкурсқа қатысушылардың бағалық ұсыныстары бейнеленеді және ағымдағы баға қалыптасады;

2) аукцион басталған сәттен бастап, қатысушыға осы Реттеменің 43 тармағына сәйкес бекітілген қадамына басқа қатысушының ағымдағы бағасын максималды ұлғайтуға мүмкіншілік беріледі;

3) егер аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ең жоғарғы ағымдағы бағаны арттырмаса, оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал  берілген лот бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

4) егер аукцион басталғаннан кейін жиырма минут ішінде аукцион залындағы қатысушылардың біреуі сатылу объектісін осы Реттеменің 43 тармағына сәйкес басқа қатысушының ағымдағы бағасын бекітілген қадамына максималды  ұлғайту жолымен сатып алуға ниет білдірсе, онда ағымдағы баға бекітілген қадамға ұлғайтылады;

Сілтеме. 2015 жылдың 18 мамырындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№74 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 60 тармақтың 5) тармақшасы жаңа басылымда мазмұндалды.

5) егер ағымдағы баға ұлғайған соң жиырма минут ішінде қатысушлыардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен сатылу объектісін сатып алуға ниет білдірмесе, онда сатылу объектісін сатып алуға ниетін білдірген қатысушы жеңімпаз болып саналады, ал аукцион өткізілген болып танылады.

Аукцион порталмен уақыттың шектеусіз конкурс жеңімпазы анықталған сәтке дейін жүргізіледі.

61. Егер аукцион басталған сәтіне сату объектісіне екі және одан да көп қатысушылардың бағалық ұсыныстарындағы ең жоғарғы баға бірдей болса және берілген ағымдағы баға жиырма минут ішінде арттырылмаса, берілген қатысушылардың арасынан өтінімі бірдей ең жоғарғы баға ұсынған басқа қатысушылардың өтінімінен бұрын қабылданған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады. 

 

9. Тендерді өткізу

 

62. Тендерге қатысуға өтінімдер сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға және/немесе қатысушыларға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сай келетін қатысушыларды анықтау мақсатында тізілім веб-порталында комиссия мүшелерімен қарастырылады.

Сілтеме. 2015 жылдың 5 тамызындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№75 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 63 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

63. Комиссия хатшысы сауда-саттық өткізілетін күні веб-порталда тендердің нәтижелері туралы хаттамасын қалыптастарады және комиссия мүшелерінің дауыс беру рәсімінен кейін оған қол қойып растайды.

Комиссия мүшесінің дауыс беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесін қосымша тіркеуімен комиссия мүшесінің «дауыс бермеу» (кезекті еңбек демалысында, іс-сапарда және т.б.с.с.) себептері комиссия хатшысымен осы электрондық хаттамасында көрсетіледі.

Сілтеме. 2015 жылдың 5 тамызындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№75 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 64 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

64. Тендердің нәтижелері туралы хаттамасында анықталады:

1) тендер шарттарына себептерін көрсете отырып қанағаттандырылмайтын қатысушылардың тізімі;

2) тізілім веб-порталымен тендерге қатысушылардың бағалық ұсыныстары автомат түрде салыстырылып сатылу объектісіне ең жоғары баға ұсынған жеңімпазды анықтайтын, тендер шарттарына қанағаттандырылатын қатысушыларының тізімі. Тендер шарттарына қанағаттандырылмайтын қатысушылардың бағалық ұсыныстары тізілім веб-порталында комиссиямен қаралуға және тендер нәтижелері туралы хаттамасында көрініс алмайды.

Егер, тендерде екі және одан да көп қатысушылардың бағалық ұсынымдарында көрсетілген ең жоғары баға бірдей болған жағдайда, осы қатысушылар арасында тендер шарттарына қанағаттандырылатын және бағалық ұсынымдар бойынша бірдей ең жоғары баға ұсынған басқа қатысушылардың алдыңғысы болып өтінім берген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Сілтеме. 2015 жылдың 5 тамызындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№75 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 65 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

65. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы комиссия шешімі тендер өткізу күні әрбір қатысушы бойынша «Ия» немесе «Жоқ» дауыс беру жолымен қабылданады және тендерге қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың электрондық мекен-жайыларына автомат түрінде хабарлау арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып комиссия хатшысының хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілім веб-порталында автоматты түрде жарияланады.

Осы Реттеменің 67 тармағымен белгіленген мерзімінде тендер аяқталғаннан кейін сатушы және тендер жеңімпазы сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хаттамасына қол қояды.

10. Сауда-саттықты өткізу нәтижелері

 

66. Әрбір сатылған объект бойынша конкурс және аукцион нәтижелерi сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен рәсiмделедi, оған аукцион өткізілген күні ЭЦҚ қолдана отырып, жеңімпаз бен сатушы тізілім веб-порталында қол қояды.

Сілтеме. 2015 жылдың 5 тамызындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№75 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 67 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

67. Әрбір сатылған объект бойынша тендер нәтижелері сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хаттамасымен рәсімделіп, сатушы және жеңімпаздың ЭЦҚ пайдалану арқылы тендер өткізілген күні тізілім веб-порталында қолдары қойылып расталады.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 68 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

68. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хаттамасы аукцион немесе тендер (конкурс) нәтижелерін тіркейтін және жеңімпаз бен сатушы арасындағы объектіні сатылу бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қоюларын міндеттейтін құжат болып саналады.

Тізілім веб-порталымен сауда-саттықтарды қорытындылау күнінен бастап он күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімде сату-сатып алу шартына жеңімпаз тарапынан қол қойылады (тізілім веб-порталында сауда-саттықтарды қорытындылау күнінен бастап алпыс күнтізбелік күннен аспайтын тараптармен келісілген мерзімінде жеңімпазбен сату-сатып алу шартына қол қойылатын конкурсты санамағанда).

69. Сауда-саттықта жеңіске жеткен қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда сатушымен кепілдік жарна қайтарылмайды.

 

11.  Қорытынды ережелер

 

70. Сатып алу-сату шарты сатушы мен сатып алушының арасында сатып алу-сату шартын жасасуға негіз болатын сауда-саттық нәтижелерi туралы электрондық хаттамаға сiлтеменi көрсете отырып жасалады.

Сатушы сатып алу-сату шартында сату объектісіне меншік құқығы оның түпкілікті төлемінен соң берілетіндігі туралы талабын көрсетеді.

71. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына қол қою кезінде сатушыға салыстыру үшін түпнұсқаларын немесе нотариальды куәландырылған көшірмелерін міндетті түрде көрсете отырып, келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатын:

2) Заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін немесе анықтаманы;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатын, сондай-ақ, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжатын.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі.

Тендер (конкурс) жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қою кезінде сатушыға өтінімге қоса тіркелген  құжаттардың нотариальды куәландырылған көшірмелерін немесе түпнұсқаларын ұсынады.

72. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) Аванстық төлем объектiнi сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Аванстық төлем сатып алушының  сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін тиісті орындауын қамтамасыз етеді. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.

Сатушы мен сатып алушы арасындағы барлық есеп айырысулар қолма-кол ақшасыз тәртіпте сатып алу-сату шартында көрсетілген  сатушының есеп айырысу шоты арқылы жүргізіледі.

Түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы сатып алу-сату шартын бiр жақты тәртiппен бұзады. Түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өтуі салдарына байланысты сатып алу-сату шартын бұзу кезінде кепілдік жарна қайтарылмайды.

73. Сату объектiсiн беру сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн сатылған объектіге меншiк иесiн өзгерту туралы мемлекеттiк тiркеу жүргiзу үшiн негiз болып табылатын қабылдап алу-тапсыру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 мамырындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№74 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ өзгертулеріне сәйкес 74 тармақ жаңа басылымда мазмұндалды.

74. Осы Реттемеде көрсетілген мерзімдерде сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хаттамасына жеңімпаз тарапынан қол қойылмаған жағдайда, сатушы тарапынан тізілім веб-порталында сауда-саттықтардың нәтижелері жойылуы туралы актісіне қол қойылады.

Осы Реттеменің 68 тармағында көрсетілген мерзімде сатып алушы тарапынан сату-сатып алу келісіміне қол қоюдан бас тарқтан жағдайда немесе осы Реттеменің 71 тармағында көрсетілген құжаттарды сатушыға ұсынбауына немесе сатып алушының сату-сатып алу келісімі бойынша міндеттемелерді өз дәрежесінде орындамауы немесе орындамауына байланысты, сатушы тарапынан кепілдік жарна қайтарылмайды және тізілім веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттықтардың нәтижелері жойылуы туралы актісіне ЭСҚ пайдалану арқылы қол қойылады.

 

____________________________________

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында

мүліктерді сату бойынша  электрондық

сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне

№1 Қосымша

 

Сатылу объектісі бойынша ақпараттар

Акциялар үшін (акционерлік қоғамдар)

 

 

 р/с

Көрсеткіштер аталуы

Жалпы мәліметтер

Қаржылық көрсеткіштер бойынша

N-2

N-1

Соңғы аяқталған қаржылық жыл (N)

Бағалау күні жағдайы бойынша

 

Жалпы мәліметтер

 

 

 

 

 

1

Объектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

 

 

 

 

 

2

Объектінің аталуы (мемлекеттік тілде)

 

 

 

 

 

3

Объектінің аталуы (орыс тілінде)

 

 

 

 

 

4

Орналастырылғына акциялар саны, дана

 

 

 

 

 

5

Сатылатын акциялар, дана

 

 

 

 

 

6

Орналастырылғаннан сатылатын акциялар, %

 

 

 

 

 

7

Акциялар түрі (қарапайым, артықшылықты акция)

 

 

 

 

 

8

Жұмысшылардың жылдық орташа саны,адам.

 

 

 

 

 

 

Қаржылық көрсеткіштер

 

 

 

 

 

9

Жарғылық капитал, мың теңге

 

 

 

 

 

10

Меншікті капитал, мың теңге

 

 

 

 

 

11

Кірістер, мың теңге

 

 

 

 

 

12

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын келісім-шарттар бойынша кірістер, мың теңге

 

 

 

 

 

13

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын келісім-шарттар саны.

 

 

 

 

 

14

ҰБХ,ҰХ,ҰК топтамасына кіретін компаниялармен жасалған келісім-шарттар бойынша кірістер, мың теңге

 

 

 

 

 

15

ҰБХ,ҰХ,ҰК топтамасына кіретін компаниялармен жасалған келісім-шарттар саны

 

 

 

 

 

16

Шығыстар, мың теңге

 

 

 

 

 

17

Таза пайда(кіріс) шығындар минус таңбасымен көрсетіледі), мың теңге

 

 

 

 

 

18

Бір акцияға есептелген дивидентер:

 

 

 

 

 

19

қарапайым, теңге

 

 

 

 

 

20

артықшылық, теңге

 

 

 

 

 

21

Бір акцияның баланстық құны, теңге

 

 

 

 

 

22

Бір акцияның жалпы кірістілігі, теңге

 

 

 

 

 

23

Активтер, мың теңге

 

 

 

 

 

24

Қысқа мерзімді активтер, мың теңге

 

 

 

 

 

25

Ұзақ мерзімді активтер, мың теңге

 

 

 

 

 

26

Міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

27

Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

28

Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

29

Активтер тиімділігі, % (ROА) *

 

 

 

 

 

30

Меншік капиталдың тиімділігі, % (ROE) **

 

 

 

 

 

 

* ROА= NI/TA*100%, бұл жерде:

ROА – Меншік капиталдың тиімділігі  (Return on Assets), %
NI – 
Таза пайда (кіріс)  (Net Income), мың теңге  (Шығындар орын алған жағдайдатиімділік есептелмейді).

TA – активтер соммасы (Total Assets), мың теңге.

 

** ROE= NI/EC*100%, бұл жерде:

ROE - Меншік капиталдың тиімділігі (Return on Equity), %
NI - 
Таза пайда (кіріс)  (Net Income), мың теңге  (Шығындар орын алған жағдайдатиімділік есептелмейді).
EC – 
меншік капитал (Equity Capital), мың теңге

Қатысу үлесі үшін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері)

р/с

Көрсеткіштер аталуы

Жалпы мәліметтер

Қаржылық көрсеткіштер бойынша

N-2

N-1

Соңғы аяқталған қаржылық жыл (N)

Бағалау күні жағдайы бойынша

 

Жалпы мәліметтер

 

 

 

 

 

1

Объектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

 

 

 

 

2

Объектінің аталуы (мемлекеттік тілде)

 

 

 

 

3

Объектінің аталуы (орыс тілінде)

 

 

 

 

4

Сатылатын қатысу үлесі, теңге

 

 

 

 

5

БК сатылатын қатысу үлесі, %

 

 

 

 

6

Жұмысшылардың жылдық орташа саны,адам.

 

 

 

 

 

Қаржылық көрсеткіштер

 

 

 

 

7

Жарғылық капитал, мың теңге

 

 

 

 

8

Меншікті капитал, мың теңге

 

 

 

 

9

Кірістер, мың теңге

 

 

 

 

10

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын келісім-шарттар бойынша кірістер, мың теңге

 

 

 

 

 

11

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын келісім-шарттар саны.

 

 

 

 

 

12

ҰБХ,ҰХ,ҰК топтамасына кіретін компаниялармен жасалған келісім-шарттар бойынша кірістер, мың теңге

 

 

 

 

13

ҰБХ,ҰХ,ҰК топтамасына кіретін компаниялармен жасалған келісім-шарттар саны

 

 

 

 

14

Шығыстар, мың теңге

 

 

 

 

15

Таза пайда(кіріс) шығындар минус таңбасымен көрсетіледі), мың теңге

 

 

 

 

16

Қатысу үлесіне кіріс, мың теңге

 

 

 

 

17

Активтер, мың теңге

 

 

 

 

18

Қысқа мерзімді активтер, мың теңге

 

 

 

 

 

19

Ұзақ мерзімді активтер, мың теңге

 

 

 

 

 

20

Міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

21

Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

22

Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

23

Активтер тиімділігі, % (ROА)

 

 

 

 

 

24

Меншік капиталдың тиімділігі, % (ROE)

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік жиынтығы үшін

р/с

Көрсеткіштер аталуы

Жалпы мәліметтер

Қаржылық көрсеткіштер бойынша

N-2

N-1

Соңғы аяқталған қаржылық жыл (N)

Бағалау күні жағдайы бойынша

 

Жалпы мәліметтер

 

 

 

 

 

1

Объектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

 

 

 

 

 

2

Объектінің аталуы (мемлекеттік тілде)

 

 

 

 

3

Объектінің аталуы (орыс тілінде)

 

 

 

 

4

Жұмысшылардың жылдық орташа саны,адам.

 

 

 

 

 

Қаржылық көрсеткіштер

 

 

 

 

 

5

Жарғылық капитал, мың теңге

 

 

 

 

 

6

Меншіктік капитал, мың теңге

 

 

 

 

 

7

Кірістер, мың теңге

 

 

 

 

 

8

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын келісім-шарттар бойынша кірістер, мың теңге

 

 

 

 

 

9

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын келісім-шарттар саны.

 

 

 

 

 

10

Шығындар, мың теңге

 

 

 

 

 

11

Таза пайда(кіріс) шығындар минус таңбасымен көрсетіледі), мың теңге

 

 

 

 

 

12

Активтер, мың теңге

 

 

 

 

13

Қысқа мерзімді активтер, мың теңге

 

 

 

 

 

14

Ұзақ мерзімді активтер, мың теңге

 

 

 

 

 

15

Міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

16

Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

17

Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың теңге

 

 

 

 

 

18

Активтер тиімділігі, % (ROА)

 

 

 

 

 

19

Меншіктік капиталдың тиімділігі, % (ROE)

 

 

 

 

 

 

Жылжымайтын мүлік үшін (аяқталмаған құрылыстың)

 

р/с

Көрсеткіштер аталуы

1

Объектінің аталуы

2

Объектінің кадастрлық нөмірі

3

Жылжымайтын мүліктің түрі/тұрпаты/ (пәтер, жер учаскесі, ғимарат және т.б)

4

Қор (тұрғын/тұрғын емес)

5

Функционалдық тағайындалуы

6

Жалпы көлемі, шаршы метр

7

Құрылыс жылы

8

Жер телімінің көлемі, га

9

Жер телімінің функционалдық тағайындалуы

10

Жер теліміне меншік түрі

 

Көлік үшін

 р/с

Көрсеткіштер аталуы

1

Маркасы, модель /үлгі/

2

КҚ санаты

3

Тіркеу нөмірі (КҚМТН)

4

Шығарылған жылы

5

Шанақ /кузов/ нөмірі

6

Шасси нөмірі

7

Түсі

8

Қозғалтқыш көлемі, текше см

 

Машиналар (жабдықтар) және мүліктің басқа түрлері бойынша 

р/с

Көрсеткіштер аталуы

1

Аталуы (тағайындалуы)

2

Маркасы, түрі /тұрпаты/

3

Сатып алу жылы

4

Пайдалануға енгізілген жылы

5

Пайдалануға жарамдылығы туралы мәліметтер

 

 


 

 Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында

мүліктерді сату бойынша  электрондық

сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне

№2 Қосымша

 

Нысан

 

мүлікті сату бойынша сауда-саттықтарға қатысуға

ӨТІНІМ

 

1.   Мемлекттік мүліктің тізілімі веб порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесімен таныса отырып және сатылатын мүлік туралы жарияланған хабарламаын қарап _________________________________________________________________________

жеке тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның аталуы

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб порталында  20___жылдың «__» ____    сағат  __

 өткізілетін (аукцион/ тендер/ конкурс) қатысқысы келеді. 

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 2 қосымшаның 2 тармағы жаңа басылымда мазмұндалды.

2.  Мен (Біз) ________________жалпы соммасы ___________

                      (сандармен)      

(___________) теңге көлеміндегі

   (жазбаша)

қаражатты құрайтын  сауда саттықтарға қатысу үшін  кепілдік жарнасын (-ларын)»

сауда-саттықтарды ұйымдастырушының есеп шотына __________________________________ аудардым (-дық)

      (есеп шот реквизиттері көрсетіледі)

3. Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

р/с

Сауда-саттықтарға қатысу үшін енгізілген кепілдік жарнаның тағайындалуы және сату объектісінің аталуы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның соммасы, теңге

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

4. Мен (біздер) сауда-саттықтарға қатысушы ретінде тіркеуге жатпайтындығы туралы мәліметтерді алдық:

1)  сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламасында көрсетілген мүліктерді сатып алушы және/немесе (конкурс) тендерге қатысушыларға қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

2) ұйымдастырушы;

3) сатушы.

4. Менің /біздің/    қатысушыға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін жағдайымыз анықталған кезде, мен (біз) сауда-саттықтарға қатысу құқығынан айырыламыз, сауда-саттықтар нәтижесі туралы қол қойлған электрондық хаттама және сатып алу/сату/ келісімінің күші жойылатындығы туралы келісімді беремін (-із).

5. Егер мен (біз) сауда-саттықтардың жеңімпазы болып анықталған жағдайда сауда-саттықтардың нәтижесі туралы электрондық хаттамасына сауда өткізілген күні қол қоюға және мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында сауда-саттықтар қорытындысы шығарылғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде келісімге қол қоюға міндеттеме аламын (-ыз).

6. менің тарапымнан (біздің тарапымыздан) енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмай сатушыда келесі жағдайда қалатындығына келісемін:

1) сауда-саттықтар нәтижесі туралы электронды хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда;

2) белгіленген мерзімде сату/сатып-алу келісіміне қол қоюдан бас тартқан жағдайда;

3) менің тарапымнан (біздің тарапымыздан) сату/сатып-алу келісімі бойынша міндеттемелердің  орындалмауы және/немесе лайықсыз орындалуы бойынша;

4) Менің (біздің) конкурсқа (мүлікті сатып алушыға) немесе тендерге қатысушыларына қойылатын  талаптарға сәйкес келмейтіндігіміз анықталған жағдайда;

5) конкурс (мүлікті сатып алушыға) немесе тендер қатысушысына қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін құжаттарды сатушыға ұсынбаған кезде.

7. Сату/сатып-алу келсімі бекітілгенге дейін осы өтінім сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электронды хаттамасымен бірге келісімнің күшіне ие.

Сілтеме. 2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 2 қосымшаның 8 тармағы жаңа басылымда мазмұндалды.

8. Сауда-саттықтардың ағылшын тәсілі бойынша откізілген аукционның барысында және нәтижесінде қалыптасқан сату объектісін конкурста белгіленген мен (біз) ұсынған ең жоғары бағасымен сатып алуға келісетіндігімді хабарлаймын және конкурста белгіленген бағаның өзгертілу қадамымен келісемін (-міз)» (конкурс қатысушысымен толтырылады).  

9. Өзім (-із) туралы ақпараттарды ұсынамын (-ыз):

Заңды тұлға үшін:

Аталуы ________________________________________________

БСН ________________________________________________________

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________

Мекен жайы:_______________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі:________________________________________

Банктік деректемелері /реквизиттері/:

ЖСК ________________________________________________________

БСК ________________________________________________________

Банк аталуы __________________________________________

БеК_________________________________________________________

Өтінімге қоса берілді:

1) __________________________________________________________

2) __________________________________________________________

 

Жеке тұлғалар үшін:

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________________________

ЖСН ________________________________________________________

Төлқұжат мәліметтері___________________________________________

Мекен жайы:_______________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі:________________________________________

Банктік деректемелері /реквизиттері/:

ЖСК ________________________________________________________

БСК ________________________________________________________

Банк аталуы __________________________________________

БеК_________________________________________________________

Өтінімге қоса берілді:

1) __________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

 (қолы)                   жеке тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) немесе заңды тұлғаның аталуы және басшысының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)  немесе сенім хат негізінде әрекет етуші заңды тұлғаның өкілі)

«___» ____________ 20__ ж.

 

М.О.

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталымен қабылданды «__» _______ 20__ ж. ____ сағат____ мин.

 

Аукционға қатысушысының аукцион нөмірі ______________________

 

Конкурс (тендер) қатысушысының бағалар ұсынысы, теңге ___________ (тендер немесе конкурсқа қатысушысымен толтырылады және комиссия тарапынан тендерге немесе конкурсқа қатысуға рұқсаттарына қол қойғаннан кейін өтінімде көрініс алады).

 
 

3 қосымша
2015 жылдың 9 ақпанындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№72 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесінің /регламент/ толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес алынып тасталды.

Generated in 117ms