Деректерді жүктеу...
САТУШЫЛАР және ОЛАРДЫҢ МҮЛІКТЕРІН АҚШАҒА АЙНАЛДЫРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕРЕКҚОРЫ
Анықтама
Деректерді жүктеу...
Бұл бөлім коммерциялық тендер немесе (ағылшын/голланд) аукцион түрлерінде өткізілетін электрондық сауда-саттықтарда мүлікті сатушылар болып есептелетін заңды және жеке тұлғаларға арналады.
Бұдан басқа, осы бөлімді пайдалану арқылы, сатылу объектілері бойынша материалдармен ақпараттарды енгізуге, өзгертугі және көруге, оның ішінде мүліктің нарықтық құны туралы есептіліктерді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 9 тамызындағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерінің сатылуы Ережелерімен және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі-Ұйымдастырушы) директорлар Кеңесімен бекітілген мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүліктерді сату бойынша электрондық сауда саттықтарды өткізу реттемесімен регламент бекітілген тәртіп және мерзімдерінде алдағы уақытта өткізілетін сауда-саттықтар бойынша ақпараттармен танысуға мүмкіндіктер бар.

Бұл бөлімді жұмыста пайдалану үшін Сатушыларға төменде көрсетілген іс-әрекеттерді жасау қажет:
1) Қазақстанның Ұлттық куәландыру орталығы тарапынан берілген электронды цифралық қолтаңбасын (бұдан әрі-ЭЦҚ) пайдалану арқылы өздігімен тіркелу;
2) Ұйымдастырушымен өзара есепайырысу жүргізу немесе сатып алушымен сатылу мүлкінің бағасын төлеу, сатушының банктік есеп шотының деректемелерін /реквизит/ енгізу/актуалдау;
3) Электрондық сауда-саттықтарды өткізу және ұйымдастыру үшін функционалға қосылу үшін (бұдан әрі-жүйе) Ұйымдастырушыға бір жолғы төлемді жасау. Ұйымдастырушы директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген бағалар көрсеткішіне сәйкес -төлем мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
4) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында өткізілетін сауда-саттықтарға электрондық қызмет көрсету туралы типтік келісім-шартына (бұдан әрі - Шарт) және реттеме /регламент/ шарттарына сәйкес Сатушы өзінің келісімін білдіріп электронды өтінімді Жүйеде тіркеу үшін қол қою.

Жүйеде тіркелу үшін электрондық өтінімге сатушы қол қойған соң, Шарт тараптармен келісілген болып танылады, өз күшіне енеді және сатушыға келесі мүмкіншілік беріледі:
1) Мүлік бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізу үшін, сатыл объектісі бойынша электрондық бұйрықты Жүйеде тіркеуге. Бұл бұйрық Ұйымдастырушы тарапынан Реттеме талаптарына сәйкестігіне және қателіктеріне тексеріледі, Ұйымдастырушының орындауынан соң – сатылу объектісі бойынша мәліметтер ашық қолжетімді түрде «Сатушылар және олардың мүліктерін ақшаға айналдырудың электрондық дерекқоры» электрондық ақпараттық ресурсында жарияланады (бұдан әрі-Ресурс).
2) Сатылу объектісінің «электрондық құжаттамасына /досье/» келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуге: мүліктің бағалану туралы есептілігі, құқық белгілейтін құжаттар, кемінде 5 данадан кем еемс фотосуреттер;
3) Мүліктің сатылуы бойынша алдағы уақытта болатын сауда-саттықтар туралы хабарламаларды дерекқорға енгізу үшін, сауда-саттықтар бойынша бұйрықты Жүйеде тіркеуге мүмкіншілік береді. Бұл бұйрық Ұйымдастырушы тарапынан Реттеме талаптарына сәйкестігіне және қателіктеріне тексеріледі және Ұйымдастырушының орындауынан соң – сатылу объектісі бойынша мәліметтер ашық қолжетімді түрде Ресурсте жарияланады.

Өткізілген сауда-саттықтар нәтижесі бойынша сатушының ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойылып растауы үшін Жүйе автомат түрде келесі құжаттарды қалыптастырады:
1) (мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мүлікті сату кезінде) сауда –саттықтарды өткізу күнінде -Сауда-саттықтардың нәтижесі туралы электрондық хаттамасын немесе (борышқор) қарызгердің активтерін сату кезінде) сауда саттықтар аяқталған соң 24 сағат ішінде электрондық хаттаманы қалыпатсырады;
2) немесе сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарламасында көрсетілген сауда-саттықтардың уақыты мен күні өткеннен кейін 24 сағат ішінде - өткізілмеген аукцион туралы акті;
3) немесе сауда-саттықтар аяқталған соң 24 сағат ішінде – сауда-саттықтар нәитжесінің күшін жою туралы Актісін (егер жеңімпаз сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда)
4) немесе сауда саттықтар аяқталған соң 10 күнтізбелік күн ішінде сауда-саттықтар нәтижесін жою туралы Актісін (егер жеңімпаз Реттемеде белгіленген мерзімде сатып-алу келісім шартына қол қоюдан бас тартқан кезде);

Жүйенің және Ресурстың жұмыс жасауын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 15 шілдесіндегі №802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу аясында Біріңғай операторы болып анықталған «Ақпараттық есептеу орталығы» ақционерлік қоғамы жүргізеді.
Тізілім веб-порталын пайдалана отырып электрондық сауда-саттықтарда мүлікті сату бойынша ақпараттық кесте (сатушы үшін)
Сауда-саттық түрлері
  Аукцион Тендер Конкурс
Өтінішті беру: Кепілдік жарна 1) Кепілдік жарна;
2) Бағалар ұсынысы;
3) Тендер шарттарымен келісу;
4) Сатушының қойған маңызды талаптарына катысушының сәйкес екендігін растайтын құжаттары
1) Кепілдік жарна/Банк кепілдемесі;
2) Бағалар ұсынысы;
3) Конкурс сұранысы;
4) Сатушының қойған маңызды талаптарына катысушының сәйкес екендігін растайтын құжаттары
Рұқсат: Кепілдік жарна болған жағдайда 1) Кепілдік жарна болған жағдайда;
2) Қатысушының маңызды шарттарға және қосымша талаптарға сәйкес болған жағдайда
Ашылуы:
1) Кепілдік жарна немесе банк кепілдемесі болған жағдайда;
2) Қатысушының маңызды шарттарға және қосымша талаптарға сәйкестігіне байланысты өтініштерді қарау;
3) Сәйкессіздіктер болған жағдайда қатысушының электрондық поштасына орын алған сәйкессізіктерді түзету үшін хабарлама жолданады.
Рұқсат:
1) Қатысушының маңызды және қосымша талаптарға сәйкес болған жағдайда;
2) Қатысушының конкурстық ұсынысы конкурс шарттарына сәйкес болған жағдайда
Сауда-саттықтың өткізілуі: Бағаның ұлғаю/бәсеңдеуі бойынш аукцион жүйесімен өткізілуі Жүйенің автомат түрінде бағалар ұсыныстарының ашуы Аукцион жүйесімен өткізілетін ағылшын тәсілі бойынша (өтінімде көрсетілген баға ұлғаю мүмкін)
Жеңімпаз: Ағылшын тәсілі бойынша- жоғары бағаны ұсынған қатысушы. Голланд тәсілі бойынша–ұсынылған бағаны бірінші болып растаған қатысушы. Өтінімде ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы Өткізілген аукцион нәтижесі бойынша ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы
Generated in 60ms